Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

Назарбаевқа ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өтуге дайындық барысы туралы есеп берілді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өтуге дайындық барысы туралы есеп берілді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.   

«Елбасы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы мәлімделді, сондай-ақ ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өтуге дайындық барысы жөнінде есеп берілді», — делінген сейсенбідегі Ақорда хабарында.

Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарын сапалы жүргізудің маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Г.Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиялардың жұмысы туралы баяндады.

Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Дереккөз: kaztag.kz

Почитайте...

В АТЫРАУ ОФИЦИАЛЬНО ОТКРЫЛСЯ XXII СЕЗОН МОЛОДЕЖНЫХ ОТРЯДОВ «ЖАСЫЛ ЕЛ»

В КАЗАХСТАНЕ ИЗ РУСЛА РЕКИ ТОБОЛ НЕЗАКОННО ДОБЫЛИ ПЕСОК НА 719 МЛН ТЕНГЕ

ТШО УКРЕПЛЯЕТ ЭКОЛОГИЧЕСКУЮ БЕЗОПАСНОСТЬ РЕГИОНА: КГП «ТАБИҒАТ» ПОЛУЧИЛО НОВОЕ ОБОРУДОВАНИЕ