Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

«Атырау энерго сату» ЖШС заңсыз пайда тапқан

«Атырау энерго сату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атыраулықтардан заңсыз алған 120 000 000 теңгені қайтарып беретін болды. Өйткені, аталған монополист халықты электр энергиясымен қамту кезінде осынша көлемде заңсыз пайда тапқан. Мұндай мәліметті серіктестікке тексеріс жүргізген Атырау облыстық прокуратурасы анықтап отыр. Енді осы миллиондарды халықтың пайдасына өндіру үшін «Атырау энерго сату» электр энергиясының тарифын 5 теңге 31 тиыннан 4 теңге 51 тиынға дейін түсірді.

 Қанат ҚАБДОЛОВ, Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі:

-Ағымдағы жылы облыс прокуратурасының актісімен сот тәртібімен 7 монополист мекеменің тарифтері ықтиярсыз бұзылды. Және уақытша өтемдік тарифтер бекітіліп, 7 000 азаматтың, 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Сондай-ақ, прокурорлар 4 мың кәсіпкердің де құқығын қорғап қалыпты. Яғни, олар енді бұрын энергетиктер талап еткендей, ток үшін алдын ала 100 пайыз толық төлем жасамайтын болды.

Почитайте...

«Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

КАСПИЙ ОТСТУПИЛ НА 35 КИЛОМЕТРОВ: ПЕРЕСМОТРИТ ЛИ КАЗАХСТАН МОРСКИЕ ГРАНИЦЫ ИЗ-ЗА ВЫСЫХАНИЯ ВОДОЕМА?

БОЛЕЕ 200 ЖИТЕЛЕЙ И ГОСТЕЙ АКТАУ СОБРАЛИСЬ НА ТВОРЧЕСКОМ ВЕЧЕРЕ «OZGESHE»