Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

ЕКІ АЙҒА ҚАМАЛДЫ

Маңғыстау орблысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев екі айға қамауға алынды. Мұндай ақпаратты Ақтау қалалық мамандандырылған тергеу соты таратты. Серік Аманғалиев мемлекет мүддесіне қайшы келетін аса ауыр дәрежедегі сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген күдікке ілініген.

Айта кетейік, Серік Аманғалиевті Ақтау халықаралық әуежайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері ұстаған. Тексеріс кезінде шенеуніктен 115 000 еуро көлемінде қаржы табылыпты. Қазір оған қатысты «пара алу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Серік Аманғалиев, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып 2017-ші жылдың желтоқсанында тағайындалған еді. Оған дейін Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, Атырау облысы әкімінің орынсабасары, Құрманғазы ауданының әкімі, білім беру департаментінің директоры секілді қызметтерді атқарған.

Почитайте...

АГУ возглавил рейтинг наиболее коррумпированных вузов страны

CNTV

НА КАРАБАТАНЕ СТРОЯТ ПОДСТАНЦИЮ МОЩНОСТЬЮ 500 кВ

Костенко шахтасындағы апат: 43 адамның денесі табылды, 3 кенші іздестіріліп жатыр