Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ

Атырау облысыңдағы 13 елді мекен ауыз сумен қамтылмаған, ал газдандырылмаған ауыл саны – 34. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының брифингінде айтылды.

Бүгін өңірдегі 21 елді мекенге ауыз су автокөліктермен тасымалданады. Жалпы облыс халқының 80 пайызға жуығы таза ауыз сумен қамтылған. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 87 пайызға жоғарылату жоспарланып отыр.

Ал өңірдегі көгілдір отынмен қамтылған елді мекендер 80 пайызға жеткен. Қазір, Азғыр өңірінің 10 елді мекенін газбен қамту жобасы жасақталуда. Оның құны – 10 млрд теңгені құрайды деп болжанған. Сонымен қатар, Махамбет, Исатай және Қызылқоға аудандарының 13 елді мекеніне газ құбыры тартылады деп жоспарланып отыр.

Почитайте...

Акимат Атырау: в пригороде тротуары строятся с нарушениями

МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ: МЕКТЕПТЕРДЕ САБАҚ ЖӘНЕ ҮЗІЛІС КЕЗІНДЕ СМАРТФОН ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Елде жаппай митинг өтті. Нұр-Сұлтан мен Алматыда 80 адам қамалды