Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

ӨЛМЕСТІҢ КҮЙІН КЕШУДЕ…

Үйлері өртеніп, далада қалған доссорлық 4 отбасы өлместің күйін кешуде. Осыдан екі ай бұрын болған оқиға салдарынан екі қабатты үй түгел жанып кеткен. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Бүгінде 25-ке жуық адам тума-туыстарын жағалап жүр. Кейбірі, басқа амалдың жоқтығынан пәтер жалдап кеткен.

4 отбасының дүние-мүлкі, киім-кешегі түк қалмай жанып кеткен. Тек өрт кезінде құжаттарын аман алып қалыпты. Жергілікті билік оқиғадан хабардар болғанымен, жәрдем беруге асығар емес. Ол аздай, бұл жағдайға тұрғындардың өздерін кінәлі санап отыр.

Айта кету керек, сараптама жұмыстары жүргізілгенмен, өрттің неден шыққандығы анықталмапты. Ал, әкімдіктегілер өздері еш қайран қыла алмаса да, жергілікті кәсіпкерлерден көмек сұраған. Бірақ, жерлестеріне көмек қолын ұсынатын азаматтар әзірге табылмай тұрған көрінеді.

Почитайте...

ШЕШЕНДЕР БӘЙГЕСІ (видео)

В КАЗАХСТАНЕ МОГУТ ОГРАНИЧИТЬ РЕГИСТРАЦИЮ В СОЦСЕТЯХ ДЛЯ ДЕТЕЙ ДО 16 ЛЕТ

СОСТОЯНИЕ 9-ЛЕТНЕГО РЕБЕНКА, ОТРАВИВШЕГОСЯ РЫБОЙ В МАНГИСТАУ, ОЦЕНИВАЕТСЯ КАК ТЯЖЕЛОЕ: ИЗ АСТАНЫ ВЫЛЕТАЮТ СПЕЦИАЛИСТЫ