Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

ЗАҢСЫЗ САУДАҒА ЖОЛ ЖОҚ

Атырауда санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін және заңсыз орналасқан дүңгіршектерді алып тастау жұмыстары басталды. Қалалық кәсіпкерлік және туризм бөліміндегілер мұндай нысандардың иелеріне алдын ала ескерту де жасаған. Бірақ, олар тиісті құжаттарын қалыпқа келтірмеген, дүңгіршектерді де жұмысын тоқтатпапты. Солардың бірі — «Дина» базарының маңындағы осы нүкте. Түсірілімдік топ пен полиция қызметкерлеріне сес көрсеткен сатушы, Өзбекстан Республикасының азаматы дүңгіршік есігін ішінен жауып алды. Дегенмен, учаскелік инспектордың шарасыздығынан соң, іске көші-қон полициясының қызметкерлері араласып, Өзбек азаматын анықтау орталығына алып кетті. Ал, дүңгіршік эвакуаторға тиеліп, «Арнаулыавтобаза» мекемесінің аумағына жөнелтілді. Жалпы, жыл басынан бері қалада осындай 60-қа жуық дүңгіршек анықталған.

Почитайте...

«ИЗМЕНИЛИ РУСЛО РЕКИ, УНИЧТОЖИЛИ ГУСТОЙ ЛЕС»: В ОБЛАСТИ АБАЙ ОБОСТРЯЕТСЯ ЗОЛОТОЙ СКАНДАЛ

ҚАРАШЫҒАНАҚ ДАУЫНДАҒЫ СЕНСАЦИЯ: ҮКІМЕТ ШЕНЕУНІКТЕРДІҢ ПАРА АЛҒАНЫН АЛҒАШ РЕТ МОЙЫНДАДЫ

В АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАЛОЖИЛИ КАПСУЛУ НОВОГО ЗАВОДА БЕЗАЛКОГОЛЬНЫХ НАПИТКОВ