Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

Кәріз құдығынан 14 жастағы қыздың денесі табылды

Кәріз құдығы Қошқарбаев пен Өзбекәлі Жәнібек көшелерінің қиылысында орналасқан. Астанада жоғалып кеткен 14 жастағы қыздың денесі кәріз құдығынан табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің мәліметінше, бүгін Қошқарбаев пен Өзбекәлі Жәнібек көшелерінің қиылысында құтқарушылар беті ашық тұрған кәріз құдығынан 14 жастағы қыздың мәйітін шығарды.

Марқұм туған-туысқандарымен кеше сағат 16:00-ден бері байланысқа шықпаған.

Еске сала кетсек, ақпан айында Көкшетауда екінші сынып оқушысы құдыққа құлап кеткен еді. Айғайлап көмек сұраған баланың даусын 12 жастағы оқушы естіген. Ол бірден құтқарушыларға хабар беріп, мектептегі адамдарды көмекке шақырған.

Дереккөз: sputniknews.kz

Почитайте...

БОЛЕЕ 600 МОРСКИХ ПЕХОТНИЦЕВ ПРОСТИЛИСЬ С БОЕВЫМ ЗНАМЕНЕМ В АКТАУ

ФОРУМ ГОССИМВОЛОВ СОБРАЛ СОТНИ МОЛОДЫХ ЛИДЕРОВ И АКТИВИСТОВ В АКТАУ

В ШЫМКЕНТЕ ЖЕНЩИНА ОСПЛЕПЛА НА ОДИН ГЛАЗ ПОСЛЕ БЛЕФАРОПЛАСТИКИ