Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

«ТҮРЛІ-ТҮСТІ» БИЗНЕС

Қалада қара және түсті металды заңсыз қабылдау орындары көбейген. Ол Атырау облыстық кірістер департаменті қызметкерлерінің қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесе ұйымдастырған рейд жұмыстары кезінде анықталды. Шара барысында Химпоселок, Құрсай ауылдарындағы металл қабылдау бекеттері тексеріліп, олардың құжаттарының талапқа сай емес және тіркеу мерзімі өткеннен кейін қайта жаңартылмағандығы анықталды. Тіпті кейбірінің құжаттары жоқ болып шықты.

ҚР-ның «Рұқсаттар мен хабарламалар» туралы заңына сәйкес, заңды тұлғалар түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқталғаны туралы хабарлама беріп отыруы қажет. Ал, жеке кәсіпкерлерге бұл қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған. Атырау облыстық кірістер департаменті мамандарының айтуынша, металдарды жинап сатумен заңсыз айналысқан тұлғалар ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Айта кетейік, қалалық кірістер басқармасы ұсынған мәлімет бойынша, облыс орталығында түсті және қара металдар сынықтарын қабылдап-өткізетін 100-ге жуық заңды нүкте бар. Олардан өткен жылы жергілікті қазынаға 185 миллион теңгеге жуық салық түсіпті.

Почитайте...

Ерлан Нұрғалиевті өлтірген үш ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Как ранее сообщалось, в минувшее воскресенье, 10 сентября, пропал гражданин Кусаинов Е., 1987 года рождения, который уехал на рыбалку с ночевкой.

ҚАЛАНЫҢ БАС ВЕТЕРИНАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (видео)