Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

Нұрлан Ноғаев: Тазалыққа бәрі жауапты

Облыс бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың небары 16,7 пайызы ғана сұрыпталады. Атырау қаласында бұл көрсеткіш 20, ал Жылой ауданында 6 пайыз болса, қалған аудандарда жұмыс тіпті жүргізілмейтін көрінеді. Аудан әкімдерімен және коммуналдық қызмет көрсететін мекеме басшыларымен селекторлық кеңес өткізген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев әкімдіктің телеграмдағы чат-каналына тұрғындардан санитарлық тазалыққа қатысты сауал мен ұсыныс-пікірлердің жиі түсетіндігін айтты.

Көп жағдайда тұрғындар тазалыққа жауапты мекемелердің жұмыстарына көңілі толмайтындықтарын білдірген. Бірақ, аймақ басшысы мұны қаланы қоқыстан тазалайтын санаулы қызметкердің міндеті деп қарап отырмай, оған атыраулықтардың да ат салысуы қажет екендігін ескертті.

Сондай-ақ, шешімі табылмай келе жатқан мәселелердің бірі – арнайы белгіленбеген жерлерге қоқыс тастау. Тікелей мағынада айтқанда, бұған тұрғындардың да өз үлестерін қосып отырған жайы бар, яғни, қолындағы қалдықты кез-келген жерге тастай салады. Нұрлан Ноғаев мұндай әрекеттерге жол бермес үшін қажетті шаруалардың жасалып жатқандығын айтты. Жалпы, жыл басынан бері осындай 500 дерек тіркеліп, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның да көлемі аз емес – 51 000 теңге екендігін еске сала кетейік.

Почитайте...

Теңіздегі төбелес: Жақсылықов негізгі үш себепті атады

Атырауда дәрі-дәрмекті рецептсіз сатуға тыйым салынады (видео)

ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕҢГЕНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ