Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

ТОҚАЕВ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

20.03.2019. Caspian News.

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде республика президенті лауазымына кірісті.  Ант қабылдап, Отан игілігі  үшін қызмет етуге уәде берген ол мемлекет басшысы ретінде алғаш рет сөз сөйледі. 

 

Қасым-Жомарт  Тоқаев 1953 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.   Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын тәмәмдаған. Ғылыми дәрежесі бар. Түрлі дипломатиялық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, премьер-министр, сенат спикері қызметтерін атқарды.  «Нұр Отан» партиясының өкілі.

 

Қазақстан Республикасы  орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Тоқаевқа президент куәлігін, төсбелгісін, президент штандарты мен «Алтын Қыран» орденін табыс етті.

 

Почитайте...

ОТЦЫ И СЫНОВЬЯ ПРОВОДЯТ ЛЕТНИЕ КАНИКУЛЫ ВМЕСТЕ

Жизнь с барьерами

CNTV

СВЫШЕ 250 МЛН ТЕНГЕ ВЗЫСКАНО ПРОКУРАТУРОЙ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ ПО ФАКТАМ ЗАНИЖЕНИЯ НАЛОГА НА ИМУЩЕСТВО