Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

Атырау облыстық перинаталдық орталығында қайтыс болған келіншектің сәбиі аман қалды (видео)

Атырау, Caspian News.

Атырау облыстық перинаталдық орталығында қайтыс болған келіншектің сәбиі дін аман. Оны жақындары үйге шығарып алған. Қолдағы деректерге сүйенсек, кесарь тілігі айы-күні жеткен 24 жастағы әйелдің шаранасына қауіп төнуіне байланысты жасалған. Алайда, отадан кейін төрт сағат өткен соң, ананың жағдайы күрт нашарлап, көз жұмған. Айта кетейік, былтыр облыстық перинаталдық орталықта 1600-ден астам келіншек кесарь тілігі арқылы босанса, жыл басталғалы олардың саны 450-ге жетіпті.

 

Почитайте...

БІРЕУІ ДЕ ҚАЛМАДЫ

Нужно лекарство – предъяви рецепт (видео)

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛА