Атырау, Caspian News. Тағы да көлік өртенді. Оқиға Тайманов көшесінің бойында болған.
Төтенше жағдай қызметкерлеріне тұрғындардан таңғы сағат 7 жарымда қоңырау түскен. Екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан тұтанған өрт 20 минут ішінде ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, былтыр 45 автокөлік өрті тіркелсе, жыл басынан бергі көліктегі өрт оқиғасының саны 8 –ге жеткен.
СНХ: Нұрлан
ЖАҢАБАЕВ,қалалық ТЖБ-ның бастығы
— Оқиға орнына
барған кезде Армения республикасына
тіркелген Hyundaii маркалы және «Спецавтобаза»
мекемесінің Bus автобусының соқтығысуынан
толықтай жанғандығы анықталды. 3-ші
ӨСБ-нен 6 адам жұмылдырылды. Қаза тапқандар
және жарақат алғандар жоқ.Қазіргі
уақытта анықталу жұмыстары жүргізілуде.