Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

Атырау дәріханаларында медициналық маска тапшы

Атырау дәріханаларында медициналық маска тапшы. Фармацевттердің сөзіне сенсек, әлемде короновирус індеті тарай бастағалы атыраулықтар сақтық шаралары үшін алдын ала көптеп сатып алған. Бірақ, ол да жеткіліксіз болғанға ұқсайды.

Медициналық маска дәріханаларда жоқ болғанымен,ғаламтор арқылы емін-еркін саудаланып жатыр. Онда да бөлшек саудада жоқ. Мың даналап алуыңыз керек. Бағасы да әртүрлі: 85 теңге мен 120 теңге аралығында.

Ал, Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері маска жоқ деп байбалам салғаннан гөрі оны қолдан істеп алған тыныш деген пікірде.

Бірақ, департаменттегілер облыс бойынша дәріханаларда 8 400 дана медициналық бір реттік маска қоры қалғанын айтып отыр. Бірақ, ол белгілі бір жағдайларда ғана таратылмақ. Сондай-ақ, облысқа 100 000 дана бірнеше рет пайдалануға болатын масканы жеткізу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді.

Малика Такежанова, Айбек Жаңай, Каспиан ньюс

Почитайте...

Жайық өзені жағасынан қосжақтаулы ұлулар табылды

«МАЭК» МАҢҒЫСТАУДЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ 50 ПАЙЫЗҒА ҚЫСҚАРТТЫ

ШОКИРУЮЩЕЕ УБИЙСТВО В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ: НАЙДЕНО ОБГОРЕВШЕЕ ТЕЛО СВЯЗАННОГО ПОЛИЦЕЙСКОГО, ЗАДЕРЖАНЫ ЕГО ЖЕНА И СЫН