Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

ЖЕТІМ КӨРСЕҢ, ЖЕБЕЙ ЖҮР

Жетім асырап алмақшы жандарға көмек көрсету. Облыстық білім басқармасы мен «Жас қоғам» қоры болашақта жетім бала асырап алғысы келетін ата-аналар мен жайсыз отбасылар үшін психологиялық-құқықтық көмек тақырында семинар-тренинг өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы жылдары ата-ана қамқорлығысыз қалған балаларды ақылы патронаттық тәрбиеге алғысы келетіндердің саны артып келеді. Бірақ, мамандардың айтуынша, мұндай қадамға кез-келген адам психологиялық тұрғыдан дайын бола бермейді. Сол себепті оларды алдын ала дайындықтан өткізіп алған жөн. Шараға жиналған әлеуметтік педагогтар мен психологтар осы бағытта жасалатын жұмыстарды талқылап, ата-аналарға жетім балаларды тәрбиелеудегі ерекшеліктер бойынша дәріс оқып, өзара пікір алмасты.

Почитайте...

«ГАЗПРОМНЫҢ» ТАЗА ҚАРЫЗЫ 6 ТРИЛЛИОН РУБЛЬГЕ ЖЕТТІ

АЛДАНЫП ҚАЛҒАНДАР ӘКІМГЕ КЕЛДІ (видео)

АЖЫРАСУ АЗАЙМАЙ ТҰР