Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

АЙЛЫҚ КӨБЕЙДІ

Атырауда қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлардың жалақысы көбейді. Енді «АтырауАвтоПарк» мекемесіне қарасты қалаға жақында әкелінген жаңа автобустардың жүргізушілері 300 мың, ал кондукторлар 100 мың теңгеге жуық айлық алатын болады. Бұл – қалаішілік көліктерде электрондық төлем жүйесін тиімді түрде енгізу мақсатында жасалып отырған қадам.

Бір айта кетерлігі – бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш. Тиісті мекеме басшыларының айтуынша, жалақыны көбейту арқылы қызмет көрсету сапасын жақсартуға болады.

Айтпақшы, тағы бір жақсы жаңалық: су жаңа автобустарға ауаны ластамайтын сапалы жанар-жағар май құйылатын көрінеді.

Почитайте...

ОПРЕСНИТЕЛЬНЫЙ ЗАВОД ПОСТРОЯТ В СЕЛЕ АКШУКУР

ДОЛГ ЦЕНОЮ В ЖИЗНЬ…

МОНИТОРИНГ ДОРОЖНЫХ ЗНАКОВ