Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

ҚАЛА ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Атырау, Caspian News.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Аршат Тайтуллин Атырау қаласының прокуроры болып тағайындалды.

Аршат Тайтуллин 1976 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін аяқтаған. Еңбек жолын 2002 жылы Құрманғазы ауданы прокурорының көмекшісі  болып бастады. Одан кейінгі жылдарда мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры, Мақат ауданының прокуроры, Атырау облысы прокуратурасының басқарма бастығы қызметтерін атқарған. Осы тағайындалғанға дейін Атырау облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау Басқармасының бастығы қызметінде жұмыс жасады. Құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 17 жылға жуық.

Почитайте...

Атырау-Астрахань тас жолы салынады

МАҢҒЫСТАУДА ЛОГИСТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУҒА КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ

В ГОРОД АЛАТАУ ПРИВЛЕКУТ ПОЧТИ 2 ТРИЛЛИОНА ТЕНГЕ ИНВЕСТИЦИЙ