Caspian news — западный региональный телеканал
Главные новостиНовости

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА «ПАТРОНАТТЫҚ ТӘРБИЕ» ЖОБАСЫН ЖОЛҒА ҚОЮ КЕРЕКТІГІ АЙТЫЛДЫ

«Патронаттық тәрбие» жобасын жолға қою керек. Себебі, жетім балаларды арнайы ұйымға орналастырғаннан гөрі, патронаттық тәрбиеге беру тиімдірек. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Қазіргі таңда аймақта ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 500-ге жуық кәмелетке толмаған бала бар. Оның 85-і түрлі ұйымның, 10-ы патронаттық тәрбиеде. Одан бөлек, жиында мектеп формасын сақтамайтын және сабаққа себепсіз келмейтін оқушылар жайында да сөз қозғалды. Жауаптылардың айтуынша, ата-анасының діни көзқарасына байланысты мектеп формасын кигісі келмейтіндер бар. Биылдың өзінде білім беру басқармасына мектепке орамалмен кіргізуді талап еткен ата-аналардан 64 шағым түсіпті.

Почитайте...

ЖАНДЫ ДАУЫСТАҒЫ БАЙҚАУ

ВОСПИТАННИКИ ДЕТСКИХ ДОМОВ ПОЛУЧИЛИ НАГРАДЫ ЗА ЛУЧШИЕ РАБОТЫ В КОНКУРСЕ ЭКОРИСУНКОВ

ҚАЛАҒА ЖАҢА АВТОБУСТАР КЕЛДІ