Caspian news — западный региональный телеканал
Главные новостиНовости

Маңғыстау полициясы 10 млн теңгеден астам соманы құрайтын синтетикалық есірткі тәркіледі

Маңғыстау полициясы 10 млн теңгеден астам соманы құрайтын синтетикалық есірткі тәркіледі. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлайды.
7 қазан күні сағат 11:30-да “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Ақтау қаласының 29 шағын ауданында 18 жастағы азамат ұсталды.
Тінту жұмыстарын жүргізу кезінде 182 синтетикалық есірткі жинағы тәркіленді. Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында 30 синтетикалық есірткі мен 30 гашиш есірткі заты бар байлам тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 250 граммды құрайды. Соттың санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТТБТ-ға тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Почитайте...

РЕСМИ: 2029 ЖЫЛҒЫ ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ АЛМАТЫДА ӨТЕДІ

МЕЙІРБИКЕЛЕР ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА БАҚ СЫНАДЫ

СОБРАНО 100 ТОНН МУСОРА