Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

Назарбаев президенттіктен кетуге «үш жыл дайындалғанын» айтты

Қазақстан астанасында өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев «өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға үш жыл дайындалғанын» айтты.

— Саналы шешім қабылдадым. Мұндай шешімдер бір күнде қабылданбайды. Бір ай да аз. Құпиясын ашсам, үш жылдан астам уақыт дайындалдым. Бәрін жан-жақты зерделедім. Болашақты бағамдап, өткенді сараладым. Кадрларға зер салдым. Осы уақытқа дейін бәрін тәрбиелеп, әрбіріне сенім арттым. Сөйтіп, осындай шешімге келдім, — деді ол.

Назарбаев «Осы уақытқа дейін халықтың сенімін ақтасам, мен — бақытты адаммын, бақытты саясаткермін» деді.

Басылымдар съезд соңында Назарбаевтың көзіне жас алғанын жазды.

23 сәуірде өткен съезд кезінде Назарбаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 9 маусымда өтетін президент сайлауына кандидат ретінде ұсынып, артынша «Нұр Отан» оның кандидатурасын бекітті.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Почитайте...

hkgfhohd

Теңіздегі төбелес: Жақсылықов негізгі үш себепті атады

«Жұмысты бастайық» Жаңа білім министрі журналистерден біраз уақыт сұрады