Caspian news — западный региональный телеканал
Главные новости

Полицейден қашқан жүк көлігі жазадан құтылмады (видео)

Қашқанмен құтылмады.Орталық көпір маңындағы Жайық жағалауында жүріп жатқан болашақ саябақтың құрылыс алаңындағы мына оқиға 15 ақпан күні болған.

https://youtu.be/54Ka_eD1UAA?t=70

Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнероликке қарағанда, жүк көлігінің жүргізушісі бортындағы құмды асығыс төгіп тастап, өзін қуып жүрген полицейлерден қашып кетуге тырысып әлек. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, тәртіп сақшылары жүргізушінің көшеде жол-көлік ережесін бұзғанын байқап, тоқтатпаққа әрекеттенеді.

Бірақ, ол тым асығыс болса керек, полицейлерді тыңдамаған. Ақырында, ала таяқтылардың тентек жүргізушіні құрылыс алаңына дейін қуып келуден басқа амалдары қалмапты. Тексеріс кезінде көлік тізгініндегі адамның құжаттары дұрыс болмай шыққан және оның жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Нәтижесінде оған үш бірдей әкімшілік хаттама толтырылған.

Почитайте...

АТЫРАУДА «ӘЙ-КЕРІМ» ОТБАСЫ КЛУБЫ АШЫЛДЫ: ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН ПАРАСАТТЫЛЫҚ АЛАҢЫ

Әлібек Семғалиев: Әлеуметтік желіде «батырлар» көп

CNTV

Каспий суының тартылуы мен итбалықтың қырылу себебін зерттейтін институт ашылады