Caspian news — западный региональный телеканал
Главные новостиНовости

ӘСКЕРИЛЕР ҚАТАРЫН ТОЛЫҚТЫРМАҚ

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті және «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бірігіп, жоғары сынып оқушыларына арнап, арнайы шара өткізді. Ондағы мақсат — жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын ояту, арнайы жоғары оқу орындарына түсуге ынталандыру. Шараға қатысушы мектеп оқушыларына ауған соғысының ардагері Мұхамбетжан Тұхманбетов және Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының курсанттары арнайы шақырылып, олар өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Қазіргі уақытта Қазақстанда әскери қызметкерлерді дайындаумен айналысатын үш жоғары әскери оқу орны бар. Олардаатыраулық 34 жас білім алып жатқан көрінеді. Ұйымдастырушылар осындай шаралар алдағы уақытта жиі өткізілер болса, әскери өмір мен қызметке қызығушылық танытатындар саны көбейеді, — деген пікірде.

Почитайте...

ҰШҚАН ҰЯДА БАС ҚОСТЫ

Три года лишения свободы — в Атырау суд вынес приговор подростку

БЛАГОТВОРИТЕЛЬНАЯ АКЦИЯ «ДОРОГА В ШКОЛУ» ПРОШЛА В МАНГИСТАУ