Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

СПОРТШЫЛАР БАЛЫ ӨТТІ

 

Атырауда спортшылар балы өтті! Үздіктер анықталған кеште 18 номинация бойынша 40-тан астам адам марапатталды. Олардың ішінде Индонезия астанасы Джакарта қаласында өткен Паразиада ойындарының чемпионы Ержан Сәлімгереев — «Жыл спортшысы», Болат Ізбасқанов — «Жыл жаттықтырушысы», дзюдо күресінен Атырау құрама командасы — «Жыл серпілісі» атағын иеленді. Салтанатты шараға қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жақсылық Үшкемпіров, Сидней олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбрайымов, дзюдодан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Максим Раков, қазақ күресінен Қазақстан чемпионы Айбек Нұғымаров арнайы қатысты. Шара соңында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен «Көңілді Тапқырлар Алаңының» биылғы жеңімпазы «Сағыз» құрамасы спортшыларды құттықтап, өнер көрсетті.

Почитайте...

Жаңа сайланған депутат: Қазақстанда бір баланы асырауға 20 мың теңге жетеді

ЖЫЛЫОЙДА «STOP КИБЕРҚАТЕР» АКЦИЯСЫ ӨТТІ: ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ КЕРЕК?

МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ОТБАСЫ СӘБИІНЕ РОНАЛДОНЫҢ ЕСІМІН БЕРДІ