Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ЕСЕБІ

Өткен жылы өңірдегі қылмыстық ахуал 2017 жылмен салыстырғанда 18 пайызға төмендепті. Атырау облыстық прокуратурасы қызметкерлерінің алдын-алу шаралары нәтижесінде ұрлық саны 24, ал бұзақылық 36 пайызға азайған. Қылмыстық қудалауға тарту деректері түгелдей жойылып, бірнеше кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтірілді. Сондай-ақ, 100-ден астам студент заңсыз төленбей келген ұлғайтылған мөлшердегі 7 млн теңге шамасындағы шәкіртақысын, ал мыңға жуық мұғалім мүгедек балалармен жұмыс жасағаны үшін тиесілі 13 млн теңге қосымша жалақысын алуға қол жеткізді. Мүгедектерден табыс салығын ұстау деректері де анықталып, оларға тосқауыл қойылды. Айта кетейік, былтыр кейбір мемлекеттік мекеме басшылары өздерінде жұмыс істейтін 135 мүмкіндігі шектеулі жаннан 11 млн теңгеге жуық салықты заңсыз ұсталған.

Почитайте...

МҰНАЙЛЫДА «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ДАУЫС БЕРДІ

ПОЗИЦИЯ МИНЮСТА РК: ПОЧЕМУ РЕШЕНИЕ СУДА МФЦА ПО СПОРУ «ГАЗПРОМА» И «НАФТОГАЗА» НЕ БУДЕТ ИСПОЛНЕНО В КАЗАХСТАНЕ

КАЗАХСТАНЦЫ ИМЕЮТ ПРАВО НА ПОЛУЧЕНИЕ ПЕНСИИ ДАЖЕ ПРИ ПРОЖИВАНИИ ЗА РУБЕЖОМ