Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

ЖАҢАЛЫҚТАР ЖҮРГІЗЕТІН РОБОТ ПАЙДА БОЛДЫ

Қытайдың мемлекеттік «Синхуа» ақпарат агенттігі әлемде тұңғыш рет жаңалықтар жүргізетін роботты ұсынды. Бұл туралы агенттіктің сайтында хабарланды.  Оның түр-әлпеті, мінез-құлқы адамды айнытпай салады. Жасанды интеллект арқасында ол «тірі» әріптестерінен үлгі алып, дами алады екен.

Виртуал жүргізушінің дебюті 7 қарашада Чжэцзян провинциясындағы Интернет бойынша Дүниежүзілік конференцияда өтті. Келесі күні ол ресми түрде жұмысына кірісіп кетті. Дәл осындай екі диктор болады екен: олардың бірі ағылшын тілінде жаңалықтар оқыса, екіншісі қытай тілінде.

Синтезделген дауыспен қатарласатын осындай роботтар арқылы агенттік телеарнаға, сайттың және ұялы құрылғыларға жаңалықтарын жылдам дайындай алады.  «Синхуа» өкілдері бұл технологияның мән-жайын әлі ұсынбады. Алайда жаңа роботтардың тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істей алатыны хабарланып отыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

Почитайте...

КАЗАХСТАНСКИЕ ТАНЦОРЫ ОТКАЗАЛИСЬ ВЫСТУПАТЬ НА КОНЦЕРТЕ РОССИЙСКОГО ПЕВЦА МОТА

АЙЛЫҚ КӨБЕЙДІ

СОВРЕМЕННЫЙ ЭКОПАРК ЗА 874 МЛН ТЕНГЕ ПОЯВИТСЯ В ПРИГОРОДЕ АКТАУ