Caspian news — западный региональный телеканал
Новости

Атырау облысында 1 жылда 92 қызметтік үй сатып алынған

Атырау облысында 2018 жылы жалпы сомасы 1 млрд 62 млн теңге болатын 92 қызметтік үй сатып алынған. Олардың бір де біреуі жекешелендірілмейді,- дейді Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Әкімдіктегілердің айтуынша, күні кеше жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілерде жарияланған Жылыой ауданы әкімінің қызметтік үйі өткен жылы конкурс арқылы алыныпты. Әкімдік алғашқыда 30 млн теңгеге 140 шаршы метр үй сатып алуды ұйғарған. Алайда конкурсқа қатысушылардың бірі дәл осы бағаға аумағы 373 шаршы метр болатын мына коттеджді ұсыныпты. Осылайша Жылыой ауданы әкімінің қызметін атқаратын шенеуніктер қос қатарлы коттеджде тұруға мәжбүр болған көрінеді.

Почитайте...

Впервые на чемпионате мира по триатлону приняли участие атлеты из Атырау

ГЛАВНЫЙ ПОЛИЦЕЙСКИЙ И 5 СОТРУДНИКОВ ПОЛИЦИИ ПОКИНУЛИ ДОЛЖНОСТИ (видео)

Атырауда ұсталған чемпион-шенеунікке қандай айып тағылғаны анықталды